Екі жақты келісімге қол қойылды

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде «PlasmaScience» ЖШС-нің директоры Рахадилов Бауыржан Корабаевич пен Шәкәрім университетінің ректоры Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы ғылыми коллаборацияны жасау арқылы ғылымды дамыту бойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа қол қойды.

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде «PlasmaScience» ЖШС-нің директоры Рахадилов Бауыржан Корабаевич «ғылым апталығы» аясында Семей қаласындағы Шәкәрім университетіне барып қайтты. Барғандағы мақсат, Шәкәрім университетінің басқарма төрағасы-ректор Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлымен ғылыми зерттеулер мен ғылыми кадрлар даярлау үшін бірлескен жұмыстар атқару бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту келісіміне қол қою болды. Екіжақты келісім аясында ғылым саласында білім беру, ғылым және кәсіби мамандарды дайындау, екі жақты қызметкерлердің тәжірибе алмасуы, сондай-ақ бірлесе жұмыс жасауға, бірлескен зерттеу қызметтерін жүргізуге уағдаласты.

Сондай-ақ, Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы өз сөзінде ынтымақтастығы бірлескен семинарлар, ғылыми-зерттеу жұмыстары бағыты бойынша қатынастарды дамытуды, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруды да ұсынып, кеңірек тоқталып өтті. Айта кету керек, бүгінде Шәкәрім атындағы университет көптеген өндірістік зауыттармен, цехтармен оқу сабақтарын өткізуге тәжірибелі практикалық-өндірісшілерді тарту, дипломдық жұмыстарға (жобаларға) басшылық ету мақсатында ынтымақтасқан.

Бас қосу барысында екі жақ өз пікірлерін айтып, ғылыми бағыт шеңберінде бірлесіп жұмыс жасауға келісті. Кездесу соңында PhD доктор, қауымдастырылған профессор Рахадилов Бауыржан Корабаевич пен филология ғылымдарының докторы, профессор Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы өзара тиімді ынтымақтастыққа қол қойып, екі жақтық келісімдерін бекітті.

 

Екі жақты келісімге қол қойылды