«Техникалық физика» мамандығы студенттерінің диплом алды іс-тәжірибе есептерін қорғауы

 Ағымдағы жылдың 26 қаңтарымен 19 наурыз аралығында Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, базалық инженерлік дайындық факультетінің 6B05301  «Техникалық физика» мамандығының 4 курс студенттері «PlasmaScience» ЖШС-нен диплом алды іс-тәжірибеден өтті.  Оларға жауапты тұлға ретінде «PlasmaScience» ЖШС-нің кіші ғылыми қызметкері Кәкімжанов Дәуір Нұржанұлы бекітілді.

Іс-тәжірибе барысында әрбір студент өздерінің дипломдық тақырыптарымен айналысып, әртүрлі қондырғыларда зерттеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда: ПМТ-3М қондырғысында материалдың микроқаттылығын анықтау және Альтами МЕТ 2С металлографиялық микроскопында материалдың микроқұрылымын зерттеу, профилометр 130 қондырғысында материалдың кедір-бұдырлығын анықтау және т.б. Студенттердің дипломдық тақырыптары микродоғалық тотықтыру және импульстік-плазмалық өндеу әдістерімен тығыз байланысты болды.

Іс-тәжірибе біткеннен кейін, студенттер алған нәтижелеріне сараптама жасап, қорытынды шығарды және «PlasmaScience» ЖШС директоры мен қызметкерлерінің алдында іс-тәжірибе есептерін презентациялармен қорғады. Қорғау кезінде студенттер жұмыстың ең нәтижелі тұстары мен әдістерін ұсынуға ұмтылды. Оларға «PlasmaScience» ЖШС директоры Рахадилов Б.К. тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға жақсы жауап берген Аденбекова Арна Асқарқызы, Талгатова Еркежан Саябеккызы, Серик Таннур атты студенттер болды. Басқа да «PlasmaScience» ЖШС ғылыми қызметкерлерінің тарапынан (Сатпаева З.А., Ниязбеков А.А.) да студенттерге сұрақтар қойылып, әлі де түзетулер мен толықтыру жұмыстары еңгізілу керектігі айтылды. Жалпы студенттер дипломдық жұмыстарының 85-90% дайындығын көрсетті.

Айта кетейік, студенттерге іс-тәжірибеден өту барысында дипломдық жұмыстарының теориялық бөліміне де бағыт-бағдарлар берілді.

 

 

«Техникалық физика» мамандығы студенттерінің диплом алды іс-тәжірибе есептерін қорғауы