«PlasmaScience» ЖШС-нің зерттеушілер делегациясы Шәкәрім университетінде

2022 жылдың 04 наурызында Шәкәрім университетінің кәсіпкерлікті дамыту және коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен техникалық физика саласы бойынша PhD докторы, қауымдастырылған профессор Рахадилов Бауыржан Корабаевич бастаған «PlasmaScience» ЖШС-нің зерттеушілер делегациясы Семей қаласының Шәкәрім университетіне жұмыс сапарымен барып қайтты.

Жұмыс сапарының мақсаты – университет және ғылыми-өндірістік ұйым арасында ғылыми коллаборацияны жасау арқылы ғылымды дамыту.

Кездесу барысында ғылыми ұйым мен жоғары білім арасындағы интегграцияны дамыту, ғылыми зерттеулер мен ғылыми кадрлар даярлау үшін бірлескен жұмыстар атқару мәселелері қарастырылып, алдағы уақытта өзара меморандумға қол қоюға келіссөз жүргізілді.

«PlasmaScience» ЖШС-нің зерттеушілер делегациясы Шәкәрім университетінде